Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚұрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін орасан зор әлеует – достық пен өзара түсіністіктің жарқын мерекесіне айналып отыр.
Татулық пен келісім құндылықтары Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев саясатының әрдайым аса маңызды басымдықтары болды. Соның арқасында қоғамымыздың көп этносты болуы, мәдениеттер мен тілдердің алуан түрлілігі біздің артықшылығымыз бен жетістігімізге, Қазақстан дамуының берік негізіне айналды.
Айтулы мерекені бірліктің, өз Отанымыздың болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің ерекше атмосферасында атап өтудеміз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы қазақстандықтардың табысты да қарқынмен дамитын Қазақстанды құру үшін белгіленген барлық жоспарларды іске асыруға бірге ұмтылатынын тағы да көрсетіп берді.
Қымбатты достар!
Бәріміздің ортақ міндетіміз – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты және айқын жетістіктерінің бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау.
Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі бекіп, нығая берсін, ал жүректерімізді ортақ жеңістеріміз үшін мақтаныш кернесін!
Ұлы Даланың әр үйіне бақыт пен береке, татулық пен табыс тілейміз!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады