6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркиядағы танымал қоғамдық тамақтану желісі — KFC 537 мейрамханасын жапты,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шешімге себеп болған негізгі фактор — компанияның жергілікті франчайзинг серіктесі Is Gida-ның қаржылық қиындықтарға тап болып, ресми түрде банкроттық рәсімін бастауы. Қазіргі таңда Is Gida-ның 7,7 миллиард түрік лирасы көлемінде қарызы жиналып қалғаны белгілі болды.
Қаржы мәселелерінен бөлек, компания тарапынан азық-түлік сапасы мен қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуы да Yum! Brands корпорациясының серіктестікті тоқтатуына әсер еткен. KFC брендінің иесі — америкалық Yum! Brands бұл серіктестіктің аяқталғанын ресми түрде растады. Алайда болашақта Түркия нарығында басқа серіктестермен жұмыс жалғасатын-жалғаспайтыны әзірге белгісіз күйде қалып отыр.
KFC мейрамханаларының жаппай жабылуы елдегі мыңдаған қызметкер үшін жұмыссыздық мәселесін туындатып, қоғамдық тамақтану нарығына айтарлықтай салмақ түсірмек. Сонымен қатар, бұл жағдай Түркиядағы шетелдік брендтерге деген сенімге және азық-түлік саласының тұрақтылығына да кері әсер етуі мүмкін. Сарапшылар бұл оқиғаның елдегі экономикалық ахуал мен франчайзинг жүйесінің тиімділігіне қатысты маңызды белгі екенін айтуда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі