Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСенат депутаты Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновқа жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жазаны күшейту туралы сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатор жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзушыларға қолданылатын жазалау саясатын қайта қарауды ұсынды.
Депутаттың айтуынша, қолданыстағы құқықтық тәжірибе қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік бермейді.
Ережелерді жүйелі түрде елемейтін жүргізушілерді міндетті түрде қайта емтихан тапсыруға жіберуді қарастыру керек. Техникалық құралдар тек құқық бұзушылық фактісін тіркейді, бірақ жүргізушінің дайындық деңгейі мен оның жолдағы қауіпті әрекеттерге бейімділігін бағалауға мүмкіндік бермейді. Көптеген жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің жеке жауапсыздығымен байланысты, олар жол қозғалысы ережелерін сақтамайды немесе әдейі елемейді, – деді Қожаев өзінің премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Ол заң талабын бұзушыларға белгілі бір кезеңдегі тәртіп бұзу санын ескеретін сараланған жаза тетігін әзірлеу және ережені жүйелі түрде бұзушыларға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау маңыздылыңын атап өтті.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды