Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасы аясында қандай өзгерістер ұсынылып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, 2020 жылдан бері педагогтерді өз міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартпау туралы норма күшінде. Алайда бұл талап негізінен мектеп мұғалімдеріне қатысты болып, балабақша тәрбиешілері мен колледж оқытушылары толық қамтылмаған.
Заңдық тұрғыдан олар бұл қорғаныстан тыс қалып келді. Енді уәде еткеніміздей, осы мәселені заң жүзінде шештік: аталған норма мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы барлық педагогке ортақ болады, – деді депутат.
Сондай-ақ колледж студенттеріне қатысты тағы бір жағымды жаңалық айтылды. Әңгіме халықаралық кәсіби шеберлік байқауларының, соның ішінде WorldSkills жеңімпаздары туралы болып отыр.
Аймағамбетов бірнеше жыл бұрын халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына конкурссыз және ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсу мүмкіндігі берілгенін еске салды. Оның айтуынша, бұл жастар үшін үлкен мотивация болған.
Енді жаңа заң жобасы аясында дәл осындай мүмкіндік халықаралық кәсіби шеберлік байқауларында жеңіске жеткен колледж түлектеріне де ұсынылмақ.
Колледж түлегі өз мамандығы бойынша әлемде үздік атанса, ол да пәндік олимпиада жеңімпазы сияқты құрметке лайық. Сондықтан талантты колледж түлектеріне университеттерге грантқа ҰБТ-сыз түсу құқығын беруді ұсынып отырмыз, – деді ол.
Айта кетейік, түзетулер енгізілген заң жобасы қазір Мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатыр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?