Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҮкімет баспасөз брифингінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 25 маусымдағы жағдай бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үйіне демеушілерден барлығы 250,5 млрд. теңге қаражат жиналғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, көмектескен кәсіпкерлерге президент өз алғысын білдіргенін атап өтті.
Бұл демеушілер қаражатты марапат алу үшін беріп отырған жоқ. Тек олар халқымызды аяп, «қандай көмек көрсете аламын» деген мақсатта таза оймен қаражат беріп отыр. Сондықтан мен осы кісілердің дайындықтарымен 100 пайыз айналысамын. Олар өздері қаржының толыққанды жұмсалуын бақылайтын болады. Ал өңірде қанша пәтер сатып алу керек, оның сапасы, мердігерлердің бәрін қадағалайтын боламыз, – деді Бозымбаев.
Сонымен қатар көмек көрсетуден қалыс қалған кәсіпкерлерге қатысты «көмектесе ме, көмектеспей ме, оны өздері білсін» деді.
Біз құлақ асатын мемлекет деп айтамыз ғой. Кейбір кәсіпкерлердің құлағы естімейді, енді біреулердікі естиді. Ал демеушілік көрсетіп отырғандар егемендік алған кезден бері қолжетімді көмек көрсетіп келе жатқан ұйымдар мен кәсіпкерлер, – деді Қанат Бозымбаев.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары