6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМектеп пәндерін біріктіру туралы ұсыныс, қазір апробациядан өтіп жатқанымен, қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Жұлдыз Сүлейменова ауылдық әкімдердің диалогтық платформасы аясында өткен «Әлеуметтік саясат: азаматтардың әл-ауқаты және адами капиталды дамыту» панельдік сессиясында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген жаңа стандарт бірнеше пәнді біріктіруді көздейді:
Бұл өзгерістер қазір пилоттық сынақтан өтуде, алайда Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұл шешім түпкілікті емес.
Министрдің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген басты міндет – әрбір балаға сапалы әрі толыққанды білім беру. Ол пәндерді біріктіру тәсілі терең талдауды қажет ететінін атап өтті, себебі технологиялық даму жағдайында оқушылардың әр пән бойынша базалық білімді жеке-жеке меңгеруі өте маңызды.
«Менің ойымша, ұсыныс мұқият талдауды қажет етеді. Технологиялық прогресс жағдайында оқушылар әр пәнді базалық деңгейде игеруі тиіс. Сондықтан министр ретінде әр пәннің жеке, нақты мақсаттары мен тақырыптары айқындалып оқытылуын қолдаймын», – деді министр.
Министрлік түпкілікті стандарт еңбек нарығының талабына сай болып, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруы үшін педагогтар және сарапшылармен бірлесіп бұл мәселені зерттеуді жалғастыратынын мәлімдеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі