«Кешір мені»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің қазасына байланысты естелік жазба қалдырды

21 Қаңтар, 11:10 45974

Елімізге белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт желі парақшасында марқұм болған бұрынғы күйеуі Владимир Рерих туралы естелік жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші парақшасында экс-күйеуімен ортақ баласының видеосын жүктеді. 

Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен... Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…
1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді" делінген жазбада.

Ол желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген деп отыр. 

Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің…Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! Кешір мені!,- делінген жазбада. 

Еске салсақ, бүгін танымал қазақстандық тележүргізуші және медиа менеджер, "Хабар" агенттігінің бұрынғы бас директоры Владимир Рерихтің дүниеден озғаны туралы қаралы хабар жетті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: