Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКентауда мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мұғалімдердің не себепті жалақысыз жұмыс істегені айтылмаған. Тек жақында ғана кінәрат облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасынан болғаны анықталды.
Педагогтар Түркістан облысындағы барлық мұғалім осындай проблемаға тап болғанын айтады. Ұстаздар қауымы білім министрлігіне, прокуратураға және облысқа жүгінген, бірақ одан нәтиже болмаған. Күні кеше облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы өз атауын білім департаментіне ауыстырып жатқаны белгілі болды. Осыған байланысты көптеген құжат пен мөрлерді өзгертуге тура келген. Осыдан кейін ғана қазынашылық мұғалімдердің шоттарына ақша аудару үшін код бере алды екен.
Кеше бізге жалақы төлеуге рұқсат беретін код келді. Біздің қарамағымызда 23 мектеп бар, ауыл мектептері жалақы алып үлгерді, өйткені олардың бухгалтериясы орталықтандырылған. Жан басына қаржыландыру бойынша жұмыс істейтін мектептер сәл кейінірек алады, - деді Кентау қаласының білім бөлімінің әдіскері Ғазиза Қалымбетова.
Өңірлік телеарна Кентау мұғалімдеріне күні кеше жалақы төленгенін нақтылайды. Облыстың басқа аймақтарында жағдайдың қалай екені белгісіз.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары