12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікКентауда тұрғынның көлігінен 2 шолақ мылтық пен винчестер тәркіленді, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кентау қаласының полиция қызметкерлері түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен күдік тудырған Mercedes автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары автокөліктің салонынан 3 атыс қаруын тапты.
Заттай дәлел ретінде алынған екі шолақ мылтық пен бір дана винчестер қаруы сараптамаға жолданды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.
Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны, яғни жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер