Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады1 шілдеде Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ол креативті индустрия саласын дамытумен айналыспақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы орайда танымал шоуменнің қанша жалақы алатын Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды айтты.
Айлық төленбейді, қайта біз оның тәжірибесін пайдаланамыз. Нұрлан өңірге туристерді тарту, креативті индустрияны дамыту жағына көмектеседі деп отырмыз. Тәжірибесі бар жігіт, неге тартпасқа. Тегін істеуге де келісті. Түркістанға пайдасын тигізе аламын деген кез келген адаммен жұмыс істеуге дайынбыз, - деді әкім.
Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде білім алған.
2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясының қаржы және несие факультетінде, 2012-2015 жылдары ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада білім алған.
Бұған дейін Қоянбаев президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметтерін атқарған. 2021 жылы президент жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары