23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікті ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шаралары аясында "Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша 1985 жылы туған әнші Қайрат Примбердиев анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, күдікті YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.
Әншіге қатысты "елден кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді, – деп хабарлады ведомство.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік