23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенаттың брифингінде Кеңес заманындағы мультфильмдерді қазақшалап экранға қайта шығаруға қатысты мәселенің министрлікте қаралатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қанат Ысқақовтың сөзінше, кейбір Совет дәуірінде шыққан мультфильмдер біздің адами, этикалық қағидаларымызға қайшы келмейді.
Мультфильмдерді аударуға мүмкіндік бар, қажет болса аударамыз. Оған аса үлкен қаражат кетпейді. Онсыз да шетелдік контентті аударып жүрміз, бұл қыруар ақшаны талап етпейді. Өзіміздің бекітілген бюджет аясында жүзеге асыруға дайынбыз, - деді вице-министр.
Ведомство өкілі бұл мультфильмдерді іріктеуден өткізіп барып қана аударамыз деп отыр.
Іріктейміз, барлығымыз талқылаймыз. Мүмкін қоғамдық кеңес өтеді. Бұл Совет дәуіріндегі анимациялық контент салт-дәстүрімізге, болмысымызға сай келетін болса ғана аударамыз, - деді Қанат Ысқақов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік