Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай, мұнай-газ саласының ардагерлері Кендірлі теңіз жағалауындағы Тоқмақ мүйісінде орналасқан су тұщыту зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған кәсіпорында 30 мамыр күні құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосу және жөндеу кезеңі басталды. 9 шілдеде тұщытылған судың толық технологиялық циклі іске қосылып, теңіз суын тұщыландыру бойынша өндірістік желіні тексеру және жуу жүргізілді
Қазіргі таңда тәулігіне 12 500 текше метр су өндіретін алғашқы желі сәтті іске қосылды. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша судың сапасы санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сай. Көпсатылы тазартудан және тұщытудан өткен су Жаңаөзен қаласының орталық су тарату торабына ұзындығы 100,7 шақырымды құрайтын жаңа магистралды құбыр арқылы жеткізілді.
Жаңа зауытта Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және ҚМГ басшысы А.Хасенов тұщытылған теңіз суының дәмін татып көрді.
Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт биыл қазан айының соңына дейін толық өндірістік қуатына көшіп, Жаңаөзен қаласының тұрғындарын тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, аталған нысан «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және жалпы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға елеулі ықпал етеді.
Айта кетейік, бұл стратегиялық маңызы зор ірі жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.
Жоба толық іске қосылғанда 91 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс кезеңінде мұнда 650-ге жуық адам жұмыс істеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?