6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКендірлі әуежайының құрылыс барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Қазір құрылыс жұмыстары екі ауысымда атқарылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Мердігер мекеме жер жұмыстары мен қазаншұңқыр қазу жұмыстарын атқаруда. Құрылысқа 60 бірлік арнайы техника мен 80 маман жұмылдырылды. Кендірлі үлкен туристік әлеуетке ие. Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астанаға бес ішкі авиарейсті, сондай-ақ көрші мемлекеттерге бірқатар халықаралық авиарейстерді ашу мәселесін пысықтап жатырмыз",- деп атап өтті Марат Қарабаев.
Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында 2200 метрлік ұшу-қону жолағын салу көзделген. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды.
Сондай-ақ биыл Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл ішкі және халықаралық рейстер санын көбейтуге септігін тигізбек.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі