Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордада «Кең жүрек мың бала» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Игі шараны қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы», Астана қаласының тоғызқұмалақ федерациясы және «Asarume» қайырымдылық қоры бірлесе отырып ұйымдастырған.
Акцияның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, моральдық, материалдық тұрғыдан, білім, спорт салаларынан қолдан келгенше көмек көрсету.
Мұндай игі істі қашанда тыс қалдырмаған қалалық спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Дастан Жұмабайұлының айтуынша алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екендерін айтты.
Қайырымдылық – асыл қасиет. Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. Қазіргі таңда атаулы спорт түрі Астана қаласында жоғары деңгейде дамып, қызығушылық танытқан адамдар саны күннен-күнге артуда. Елордада спорттың бұл түрімен 3500-ден астам спортшы айналысады және 51 спортшы қала құрамасында және 10 спортшы ҚР Ұлттық құрамасына кіреді.
Спортшыларымыз Астана қаласында тоғызқұмалақ спорт түрімен 8 орында айналыса алады. Атап айтқанда, «Оқушылар сарайы», «Береке» аула клубы, «Ақшоқы» паралимпиадалық орталығы, «Арқа Алан» спорт клубы, «Темірлан» аула клубы, «Замандас» аула клубы, №87 мектеп-гимназияда», – дейді мекеме басшысы Дастан Алдашов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары