Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАтырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында апатты жою кезінде жұмысшылар зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Petrocouncil.kz-ке сілтеме жасап.
№437 ұңғыманы жабуға дайындық жұмыстары кезінде герметизациялау жүйесі бұзылған. Оқиға мердігер ұйым жүргізген гидравликалық сынақтар барысында болған.
Нәтижесінде бір жұмысшы кеуде тұсынан жарақат алды, бірақ ішкі органдары зақымданған жоқ. Қазіргі уақытта ол Құлсары қалалық орталық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді, – делінген хабарламада.
Оқиға туралы Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарланған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар