23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының биылғы қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырысқа Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінің негізгі - тақырыбы жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Атап айтқанда, жұмыс тобы мүшелерінің адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қорытынды ұсыныстары талқыланды.
Министрлік мәліметінше, отырыста мемлекеттік органдар, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар Қазақстанда кемсітушілікке қарсы нормаларды қолданудың тұжырымдамалық тәсілдерін, халықаралық тәжірибесін және практикалық аспектілерін егжей-тегжейлі талқылады.
Жиналыс қорытындысы бойынша жұмыс тобы Қазақстан Үкіметіне кемсітушіліктің терминдері мен түрлерін нақты айқындауды енгізіп, шағымдарды беру және қарау тетіктерін жасап, сондай-ақ ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз ететін кемсітушілікке қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды жолдауға келісті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады