Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПарламент Мәжілісінің жалпы отырысы шеңберінде премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып, таяу жылдарда ел экономикасын дамыту шаралары және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді төмендету жөніндегі жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферттердің көлемі 1,6 трлн теңгені құрайды.
Аталған қаражат әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады, – деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар ол алдағы жылдары мемлекеттік бюджет кірісінің өсуіне байланысты нысаналы трансферттер көлемі азаятынын айтты.
Ол үшін біз тиісті инвестицияларды тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселелерін шешетін боламыз. Атап айтқанда, бұл шағын және орта бизнесті, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауға қатысты, - деді премьер-министр.
Бүгінде Үкімет шикізаттық емес секторды қоса алғанда, жалпы құны 32 триллион теңгені құрайтын 970 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады, бұл да ел экономикасының нақты секторын дамытуға оң әсерін тигізеді.
Келесі жылы біз экономиканы 5,3%, одан әрі кемінде 6% деңгейінде өседі деп болжап отырмыз. Бюджет кірісін арттыру үшін экономиканы дамытуға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және көлеңкелі экономикаға қарсы күреске баса назар аударамыз. Біз аталған мәселелердің барлығымен кешенді түрде айналысатын боламыз, - деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары