22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанда медициналық көмектің бірқатар түрлері алдағы жылдан бастап қымбаттайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік қазіргі қолданыстағы тарифтер емдеу мекемелерінің нақты шығындарын өтеуге жеткіліксіз екенін, соның салдарынан ұйымдардың қарызы ұлғайып отырғанын мәлімдеді. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекет қосымша қаржы бөледі және халық жиі пайдаланатын 200 медициналық қызметтің бағасы қайта есептеледі.
Бұл мақсатқа бюджеттен 103 млрд теңге қарастырылған. Жаңартылған тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
Сонымен қатар протон терапиясы, жаңа буын сәулелік терапия, МРТ, КТ сынды жоғары технологиялық диагностикалық қызметтердің бағасы да қайта қаралып, олардың қолжетімділігі арттырылады деп жоспарланып отыр. Министрліктің мәліметінше, тарифтердің жаңартылуы нәтижесінде ел бойынша бұған дейін қысқарған 2 700-ден астам стационарлық төсек-орын қайта ашылып, палаталар жаңарады.
Баға өсімі қызмет түріне қарай әртүрлі болатына да айтылды. Инфекциялық бейіндегі қызметтердің тарифі екі есеге жуық көтерілуі мүмкін. Ал, абдоминалдық хирургия бойынша көрсеткіш шамамен 40 пайызға ұлғаяды деп күтілуде. Терапиялық бағыттағы бірқатар қызметтерде өсімі: қызмет сапасына қарай өзгере бермек.
Бұған дейін, медицина қызметкерлеріне қол көтергендер ауыр жаза арқалайтынын хабарлаған едік.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев