23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерБұл туралы пікірсайыстың бірінші кезеңінде ҚХП төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбековтың айтуынша, әр отбасы мемлекет қамқорлығында болуы тиіс. Елдің байлығы мен билігі Қазақстан халқына тиесілі болатын Әділетті қоғам құру қажет деді. Сондай-ақ, ол Мәжіліс пен мәслихаттарға нағыз билікті қайтару керегін тілге тиек етті.
«Заңды дайындайтын институтты Мәжілістің құрамына енгізу. Атқарушы билік атқарушы билік болып қалуы керек. Ұлттың қауіпсіздігі мен мемлекеттік тілдің мәселесін шешу үшін қандастарды қолдап отырмыз», – деді ол.
Пікірсайыстың бірінші кезеңінде партия төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков Қазақстанда 3 млн кедей және қайыршы адам барын айтты.
«8 млн адам несиеден басын көтере алмай отыр. Біз кедейліктен күрес туралы заңды қабылдауды талап етеміз. Аналар мен балалардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға баса назар аудару қажет. Жаңа еңбек кодексін қабылдап, әр балаға 13 мыңнан 70 мыңға дейін өсіреміз. Әйел азаматтар 58 жаста зейнетке шығу керек. Ипотека 3 пайыздан аспауы тиіс», – екендігін жеткізді.
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?