2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚытаймен кедендік шекарада тәртіп орнатуға қатысты мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүргізілген тесерулер нәтижесінде 10 уәкілетті экономикалық операторлардан бюджетке 45,1 млрд теңге өндірілді, деп хабарлайды EL.KZ.
Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2022 жылдың ақпан-мамыр айларында мемлекеттік кірістер органдары 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізген болатын. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша 107,7 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептелді. Уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың кедендік құнын дұрыс төмендетіп көрсету арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтармақ болған - делінген хабарламада.
Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша мемлекеттік кірістер органдары прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен бірлесіп мемлекет бюджетіне 45,1 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын өндіріп алды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс