7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері аймақта жүргізіліп жатқан әлеуметтік маңызы бар 4 құрылыс нысанының жұмыс сапасына қоғамдық бақылау жүргізді.
Кеңес мүшелері құрылысы қарқынды облыстық ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу полигонын, Жаппасбай батыр көшесіндегі 600 орындық орта мектеп және теннис орталығының құрылысын аралады. Аталмыш үш нысанның екеуі осы жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға берілуі керек. Облыстық құрылыс басқармасының өкілі Болат Доспанов кеңес мүшелеріне нысандар құрылысы туралы мәлімет берді. Мұндағы құрылыс материалдарының сапасына, жұмысшылардың ыждағаттылықпен атқарған қызметіне көңілдері толған кеңес мүшелері құрылыс жұмысына қанағаттанарлық баға берді.
Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қаланың сол жағалауынан бой көтерген тұрғын үйлерді аралады. Жаңа үйге қоныс теуіп, қуанып жатқан жас отбасылардың шаңырағына бас сұғып, жағдайларымен танысты.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?