Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Астанада KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялар арасында үстел теннисінен турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған спорттық шара қауымдастықтың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталды.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлт денсаулығын нығайту, халық арасында спорт мәдениетін дамыту жөніндегі ұстанымымен үндесіп отыр. Президент жуырда қол қойған «Спорт туралы» жаңа заң – бұл бағыттағы мемлекеттік қолдаудың айқын көрінісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир тек мерейтойлық шара ғана емес, сонымен қатар сала қызметкерлері арасында серіктестік пен командалық рухты нығайтуға бағытталған маңызды бастама саналады.
Турнир біздің қауымдастық мүшелерінің арасында өтеді. Бүгін 15 топ қатысып отыр. Мұндай шаралар ұжым ішіндегі байланысты күшейтіп, сала қызметкерлерін біріктіреді. Сонымен қатар, бұл – денсаулық пен белсенді өмір салтын дәріптеудің жарқын мысалы, – деп атап өтті KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов.
Турнирге қауымдастыққа мүше энергетика саласындағы ірі компаниялардан құралған командалар қатысып, тартысты бәсеке көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы марапаттар табысталды.
\
Фото: El.kz/Артем Чурсинов
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?