Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысында "ҚазАзот" АҚ өндірісінде техникалық апат болды. Оқиға орнында 4 адам зардап шегіп, барлығына барлығына термиялық күйік диагнозы қойылды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зардап шеккендердің 2-і жансақтау бөліміне, қалған 2-і травмотологиялық бөлімге жатқызылды. Оларға көмек көрсету үшін Қазақстанның бас реаниматологы мен күйік жарақаттары бойынша жетекші мамандар шақыртылды.
Облыс әкімдігі зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы бір қалыпты екенін атап өтті. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай облыс басшылығының бақылауында.
Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, кәсіпорын жұмысшылары отпен жұмыс істеу жұмыстарын тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдемей орындаған. Жабық кеңістікте отпен жұмыс жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы оқиғаға себеп болуы мүмкін. Анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.
Аталған жайтбойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық іс қозғалды.
Компания тарапынан запдап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?