18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?25-27 маусым аралығында өтетін Kazakhstan Open турнирі ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің 27 елінен 1106 спортшы қатысады.
Атап айтқанда, Армения, Аустралия, АҚШ, Әзербайжан, Бахрейн, Беларусь, Канада, Гонконг, Үндістан, Иран, Иордания, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Моңғолия, Оман, Палестина, Қытай, Польша, Катар, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Тунис, Түркия, БАӘ және Өзбекстан құрамасының спортшылары бақ сынайды.
Жұлдыздар жауатын турнир
Осы додаға Олимпиада чемпиондары мен әлемдік таеквондо жұлдыздары қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Пак Тхе Джун (Оңтүстік Корея) мен Фирас Катуси (Тунис), Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Гашим Магомедов (Әзербайжан), Хакан Речбер (Түркия) және Мохамед Халил Джендуби (Тунис), әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары Мерве Динчел Кавурат (Түркия), Вафа Машгуни (Тунис), Нафия Куш (Түркия), әлем біріншілігінің жеңімпаздары Эмине Гегебакан (Түркия) мен Наджмиддин Косимходжаев (Өзбекстан), әлем және Азия чемпионы Реза Калхор (Иран), Еуропа чемпионы Георгий Гурциев (Беларусь), Азия чемпиондары Рияд Нассер Хамди (Сауд Арабиясы) мен Джасурбек Джайсунов (Өзбекстан) бар.
Қазақстан құрамасы да жарысқа ең үздік спортшыларын қосады. Ел намысын Бейбарыс Қаблан, Батырхан Төлеуғали, Айдана Құмартаева, Самирхон Абабакиров, Нодира Ахмедова және Темірлан Тілеулес қорғайды. Сонымен қатар жуырда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бақ сынамақ.
Жарыстың көркі қызады
Kazakhstan Open – World Taekwondo ұйымының ресми жарыстар тізіміне енген беделді турнирлердің бірі. Турнир жеңімпаздарына әлемдік рейтингтің 10 ұпайы беріледі. Күміс жүлдегерлер 6 ұпайға, ал қола жүлдегерлер 3,6 ұпайға ие болады. \
Қазақстан осы жылдың соңында Гран-при финалын қабылдайтынын бәріміз білеміз. Қазір бұл жарысқа Дүниежүзілік таеквондо федерациясы тарапынан жаңа ережелер енгізілуде. Сонымен қатар келесі жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатында Лос-Анджелес Олимпиада ойындарының ережелері алғаш рет қолданылатын болады. Қазақстан бұған дейін ірі спорттық шараларды бірнеше рет жоғары деңгейде қабылдады. Біз осының бәрін ескере отырып, Гран-при финалы мен 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге лайық деп шештік, — деді Чунгвон Чо.
Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиев елімізде таеквондо спортын дамытудың жаңа кезеңі басталғанын атап өтті.
Қазір Қазақстанда таеквондо спорты жаңа даму кезеңіне қадам басып жатыр. Біз жаңа стратегия аясында жұмыс жүргізіп, таеквондоны жаңа бағытта ілгерілетуді көздеп отырмыз. Әрине, бұған дейін бұл спорт дамымады деп айтуға болмайды. Дегенмен қазіргі таңда федерация жұмысты жүйелі түрде жаңартып, жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр. Мұндай халықаралық жарыстарды өткізу – біздің спортшылар үшін өте маңызды. Бұл тәжірибе алмасуға, шеберлікті арттыруға және халықаралық деңгейдегі бәсекеге бейімделуге мүмкіндік береді. Әрине, мұндай ірі іс-шараларды ұйымдастыру оңай емес. Бірақ біз үшін бұл – үлкен дайындық алаңы, – деді Кудрәт Шамиев.
Айта кетейік, Kazakhstan Open турнирінде ересектер арасындағы жүлдегерлерге ақшалай сыйақы беріледі: бірінші орынға – 500 АҚШ доллары, екінші орынға – 300 АҚШ доллары, ал үшінші орын алған екі спортшының әрқайсысына 100 АҚШ долларынан табысталады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр