1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіДенсаулыққа зиян келмес үшін кәуәпті қанша мөлшерде жеу керек? Бұл сұраққа Мәскеудің бас диетологы Антонина Стародубова жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, дені сау адам үшін қауіпсіз мөлшер 100-150 грамнан аспауы тиіс. Ет қаншалықты майлы болса, порция да соншалықты аз болуы керек.
Кәуәп - майлы әрі қорытуы қиын тағам, сондықтан оны жиі жеуге болмайды. Бастысы, шамадан тыс жемеу. Тіпті бір рет шамадан тыс жеудің өзі асқазанда ауырлық, кебу және ауырсыну туындатуы мүмкін.
Диетолог сондай-ақ табиғат аясында тәтті сусындарды көп ішпеуге кеңес берді. Ең дұрысы - ауыз су, сондай-ақ лимон немесе жалбыз қосылған салқын шай, морс және қант мөлшері аз компоттар. Тәтті сусындар шөлді баспайды, есесіне семіздік, диабет пен жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады.
Бұған дейін жұмыртқаны кімдерге жеуге болмайтыны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар бастан күн өтсе не істеу керектігі туралы ақпаратпен таныс бола отырыңыз.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?