Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКатар астанасы Дохада дзюодан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық үш балуан белдеседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әйелдер құрамасы сапында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Бақыт Құсақбаева татамиге шығады. Отандасымыз іріктеу кезеңдерінде жаңазеландия спортшысымен белдеседі.
Ал ерлерден 73 келі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев ел намысын қорғайды. Ж.Смағұловтың алғашқы қарсыласы бейтарап жекелей құрама атынан сынға түсетін М.Махмадбековпен шеберлік байқасады. Данияр Шамшаев түрік балуанымен өзара мықтыны анықтайды.
Бұған дейін әлем чемпионатының екі күнінде сынға түскен балуандарымыз жүлдеге іліне алмады. Олардың арасында ең жоғары жетістік әйелдер құрамасының мүшесі Абиба Әбужақыноваға тиесілі. Отандасымыз қола жүлде үшін белдесуде жеңіліс тауып, бесінді орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, Нұрқанат Серікбаев 60 келіде әлем чемпионатын 7-орынмен тәмамдады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары