10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс кулуарында Жоғарғы соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов сот жүйесі туралы жаңа заң жобасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасына қатысты елімізде тәуелсіз кассациялық соттар құрылатыны айтылды.
Мәжіліс кулуарында журналистер Нұрсерік Шәріповтен «Кассациялық соттың әділ болатынына кім кепілдік береді? Судьялар қалай іріктеледі?» деп сұрады.
Заң кепілдік береді. Егер де біреу заңды белшесінен басып жатса аппеляциялық тәртіппен, кассациялық тәртіппен және алқалы жиында қаралады. Сондықтан тиісті құқықтық баға беріледі. Сотта жеңіліс тапқан адамдар шешіммен келіспейді. Себебі азаматтардың құқықтық санасының төмендігі. Бізде шығарған сот шешіміне «мен мойындаймын», «келістім» деген жағдай болған жоқ. Сондықтан барлығы жоғарғы сотқа жазып, өз құқығын қорғайды. Әркімнің өз шындығы бар. Сол кезде көптеген адам басқа адамның пікірін елемейді, өзінікін ғана шындық деп есептейді, - деді Шәріпов.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді