Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алтыншы Каспий саммиті қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Каспиймаңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты, деп хабарлайды El.kz порталы.
Іс-шараға сондай-ақ сыртқысаяси ведомство басшылары – Ираннан Хосейн Амир Абдоллахиян, Ресейден – Сергей Лавров, Түрікменстаннан – Рашид Мередов және Әзербайжан СІМ басшысының орынбасары Халаф Халафов қатысты.
Каспий бестігінің министрлері Каспий теңізіндегі жағалаудағы мемлекеттер ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ биылғы 29 маусымда Ашхабад қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен өтетін VI Каспий саммитінің коммюникесінің жобасын келісті.
Алдыңғы VI Каспий саммиті 2018 жылы Ақтау қаласында өтті. Оның қорытындысы бойынша Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары