12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралары кезінде 100 шақырымнан асатын броконьерлік торды тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқық бұзушы және 23 жүзу құралдары ұсталды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау құралдарын алғанын мәлімдеп отыр.
Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді. Сонымен бірге, 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынғаны белгілі болды.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларын жалғастырып жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер