Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүпқараған ауданында сәуір айының басында теңізге қайықпен шығып, жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Пірімжан іздеу жұмыстары кезінде бір балықшының денесі табылғанын мәлімдеді.
20 сәуір күні кешкі сағат 21:00-де Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан жиырма шақырып қашықтықта теңіз жағалауынан 400 метр жерден жоғалған азаматтың бірінің денесі жергілікті балықшылардың көмегімен шамамен 5 метр тереңдіктен теңіз астынан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді азаматтық қорғау аға лейтенанты Дінмұхаммед Пірімжан.
Айта кетейік, 3 сәуір күні таңертеңгі сағат 07:40 кезінде Форт-Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай Үрдек (Асан) теңіз жағасынан шамамен 25-30 шақырым қашықтыққа бет алған екі адам хабарсыз кеткені туралы құтқару қызметіне хабарланған.
Кейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті балықшылардың 1985 және 1982 жылы туған тұрғындары екенін мәлімдеді. Олардың 2 сәуір күні кешкі сағат 22:30 шамасында үрлемелі қайықпен балық аулауға кеткеннен кейін қайтып оралмағаны белгілі болып отыр.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды