7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Каспий теңізінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқу-жаттығу барысында Әскери-теңіз күштерінің бағынысты бөлімдерінің бөлімше командирлерінің, басқару органдарының даярлық деңгейі тексерілетін болады. Жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және оны жүргізу, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету барысында командалық құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылады», – деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.
Оқу-жаттығу үш кезеңмен өтеді. Оған орналасу пунктін, Ақтау порттары мен Солтүстік терминалды, теңіз экономикалық қызмет объектілерін күзету және қорғаудың барлық түрлерін ұйымдастыру жөніндегі практикалық іс-шаралар кіреді.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблінің, «Алатау» мина-тартқыш кораблінің және «Жайық» гидрографиялық кемесінің экипаждары «шахид-катерлердің» шабуылдарын, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен қарсыластың әуе шабуылы құралдарына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылды пысықтауда. Әскери теңізшілер күдікті кемені қарап тексереді, ұрыста зақымданған апаттық корабльді іздестіруді және құтқаруды ұйымдастырады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?