6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАшхабадта Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысының коммюникесі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысына Әзірбайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Казем Гариб Абади), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Николай Удовиченко) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мырат Атаджанов) делегациялары қатысқан.
Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды. Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, бесжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен іс-шараларды әртүрлі деңгейде дайындауды қарастырды, - деп жазылған СІМ хабарламасында.
Делегациялар Түрікменстанға кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді. ЖДЖТ келесі отырысы Әзербайжанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі