22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқтауда қоғам белсенділері мен Полиция және Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері теңіз жағалауындағы демалушыларға судағы қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Іс- шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және облыстық аналар кеңесінің мүшесі Анар Шамшадинова, облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Роза Махамбетова, облыстық аналар кеңесінің мүшесі Алтын Сақтағанова қатысты.
Суға шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында бүгінгі рейдті комиссия мүшелерімен ұйымдастырып отырмыз. Ата-аналар мен балаларға ескертулер жасадық. Халықтың бас амандығы әрдайым біз үшін бірінші орында. Балаларды жалғыз, қараусыз қалдырмайық. Тиым салынған жерлерге түспеу қажет. Өйткені от пен су бұл тілсіз жау, - деді Анар Шамшадинова.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бектас Мұратов сенбі күні кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кейін ТЖД қызметкерлері көмегімен табылғанын айтты. Статистика бойынша ағымдағы жылы 6 бала суға батқан. Оның ішінде 2-еуі кәмелеттік жасқа толмаған бала.
Суға бату фактілері жабдықталмаған орындарда көбірек кездеседі. Тиым салынған орындарда суға түскен жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Судағы қауіпсіздік ережелерін кез-келген жерде сақтау қажет. Айта кетсем, күнделікті теңіз жағалауында ТЖД 9 мобильді қызметкері кезекшілік атқарады. Ал демалыс күндері 17 мобильді қызметкерге дейін күшейтіледі, - деді Бектас Мұратов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев