23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Каспий теңізінде екі ер адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 23 сәуірде сағат 12.45-те Түпқараған ауданының Қызылөзен аулынан 20 км жердегі Саура шатқалында Каспий теңіз жағалауынан 15 км жерде Маңғыстау облысы Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шекара қызметінің әскери қызметкерлерімен бірлесіп үрмелі қайықпен балық аулауға шығып, өз еріктерімен жағалауға жете алмаған 1983, 1984 жылдары туған екі азаматты құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД және шекара қызметінен 22 қызметкер, 2 бірлік техника және 4 жүзу құралы жұмылдырылды.
Құрметті облыс тұрғындары! Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «дауылды ескерту» хабарламаларына назар аударуға кеңес береді. Теңізге үрмелі қайықпен шығу өте қауіпті. Желмен ашық теңізге алып кету қаупі бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік