Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТараптардың уағдаластығы бойынша Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының тоғызыншы отырысы өтті (ЖДЖТ), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Алиреза Джахангири), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Михаил Петраков) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мурат Атаджанов) делегациялары қатысты.
Отырысқа қазақ делегациясының басшысы Зүлфия Аманжолова төрайымдық етті.
Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды.
Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің Түрікменстандағы кезекті кездесуіне дайындық мәселелерін, сондай-ақ бесжақты құжаттар жобалары бойынша келіссөздер үдерісінің барысын талқылады.
Делегациялар Қазақстан Республикасына кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.
ЖДЖТ келесі отырысы Түрікменстанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары