Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыКелісімшарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты Каспий маңы бассейніндегі сегіз барланған учаске мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін Каспий маңы бассейні шегіндегі барлау учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтерді. Қабылданып жатқан шаралар туралы энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов баяндады.
2023-2024 жылдары Каспий маңы бассейнінде осындай сегіз учаске анықталды. Аталған сегіз келісімшарт бүгінде тоқтатылды. Осы жылы төрт учаске аукционға қойылды, олар бойынша жыл соңына дейін қол қою жоспарлануда. Қалған төрт учаске келесі жылы шығарылады немесе олар бойынша келісімшарттарға тікелей қол қоюды жоспарлап отырмыз, — деді Ерлан Ақкенженов.
Энергетика министрлігіне аталған жұмысты жеделдету тапсырылды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар