22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан премьер-премьері Олжас Бектенов Тегеранға сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар мәлімдеді.
Келесі аптада Иранда III Каспий экономикалық саммиті өтеді. Оған Каспий өңірі мемлекеттерінің премьер-министрлері қатысады, - деді Али Акбар Джоукар.
Саммитке Қазақстан, Ресей, Әзербайжан үкіметтерінің басшылары, Иранның бірінші вице-президенті және Түрікменстанның вице-премьері қатысады.
Мұның алдында Иранның бірінші вице-президенті Мохаммед-Реза Ареф Қазақстан премьер-министрімен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы экономикалық және сауда алмасу деңгейін арттыру қажеттігін атап өткен. Сонымен қатар Каспий экономикалық саммитіне қатысуға шақырды.
Кездесу барысында тараптар Иран Ислам Республикасының өткен жылғы желтоқсан айында Еуразиялық экономикалық одақта байқаушы мәртебесін алуы екіжақты қатынастардың барлық бағыты бойынша дамуына ықпал ететінін атап өтті. Өткен жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 8,1%-ға артып, шамамен $300 млн-ға жетті.
Бұған дейін Каспий елдері «Каспий теңізі бейбітшілік, достық және ынтымақтастық теңізі екені жайлы және Каспий теңізіне қатысты барлық мәселе бейбіт жолмен диалог арқылы шешілетіні» туралы келісімге келген.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев