6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКүдікті 2023 жылдың қаңтарында екі сыбайласымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған компаниялар құрып, қазақстандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп кәсіпкерді алдап, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам қаражат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, қылмыстық қудалау органдары күдіктілердің бірін ізін суытпай ұстады, ал қалған екеуі жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған.
2024 жылдың қазанында іздеуде жүргендердің бірі Германияның Нюрнберг қаласында ұсталып, одан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі