Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада GBG құрылыс компаниясының басшысы жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға бір бөлмелі пәтер сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрылыс компаниясының жаңа жылдық кешіне келген Айшолпан Тілеутайға тосынсый жасады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында сүйінші хабарды жеткізді.
Айшолпанның Астанаға келген кезде пәтердің ақысын төлей алмай, одан кейін қонақүйге барып, оның ақшасын төлей алмаған сәттері болған. Сол жаманшылықтың, қиыншылықтың барлығы, қарындасым Айшолпан, артта қалсын енді. Бір қазақ баспаналы болса, біз қуанайық. Бір қазақ байып жатса, біз қуанайық, байыса қазақ байысын, - деп айтты Дәулет Мұқаев.
Айшолпан да өз алғысын арнаумен жеткізді.
Басымды иіп сыйлап өтем ел сені,
Сендерсіңдер ар мен намыс өлшемі.
Қара жерге кіргенімше Қазағым,
Жалғызымдай қадірлеймін мен сені!, - деп жазды ақын қыз.
Айта кетейік, Айшолпан Тілеутай экс-продюсері, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова туралы бар шындықты жайып салған еді. Ол жас қызға келісімшартта көрсеткен еңбекақысын бермегені мәлім болды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар