13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстандық кәсіпкер Айдын Рақымбаев Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Құлынжон ауылынан өзі туып-өскен үйді қайта сатып алды. Кәсіпкер бұл шаңырақта балалық шағы өткенін айтып, енді үйді жөндеп, ауыл мектебінің ұстаздарына беретінін жеткізді.
Айдын Рақымбаевтың айтуынша, үйді кезінде оның әкесі салған. Алайда шамамен 30 жыл бұрын ата-анасын қалаға көшіріп әкеткен кезде әкесі үйді арзанға сатып жіберген.
Әкем салған үйді қайтадан сатып алдық. Отыз жыл бұрын әкем оны екі фляга майға беріп кеткен еді. Негізі, жай ғана бере салған, – деп жазды кәсіпкер.
Ол бала кезінде бұл үйдің өзіне өте үлкен болып көрінгенін еске алды. Ал ауладағы ағаштар алып болып көрінген.
Кәсіпкердің айтуынша, отбасының бүкіл әлемі төрт кішкентай бөлмеге сыйған. Үйде ата-анасы, әжесі, екі әпкесі, ағасы және өзі бірге тұрған.
Бүкіл әлемім төрт кішкентай бөлмеге сыйып тұрған: анам, әкем, әжем, екі әпкем, ағам және мен, – деп еске алды ол.
Рақымбаев балалық шағындағы ауыл өмірінің ерекшеліктерін де айтып берді. Қыстың суық күндерінде ата-анасы қорадағы бұзаулар мен қозылар тоңып қалмауы үшін оларды үйге кіргізетін болған.
Балалар малды төсектерінің аяқтарына байлап қоятын. Оның айтуынша, үйдегі мал балалардың ұйықтауына да мүмкіндік бермеген.
Әрине, ұйықтатпайтын. Бірақ сол жылдары көп адамның өмірі осындай еді, – деді ол.
Үйді ұстаздарға бермек
Арада ондаған жыл өткен соң Айдын Рақымбаев бұл үйдің сатылымға қойылғанын естіген. Сөйтіп, балалық шағы өткен қара шаңырақты қайта сатып алып, жөндеуге шешім қабылдаған.
Енді үйде Құлынжон ауылындағы мектептің мұғалімдері тұрады. Рақымбаев бұл мектепті 1989 жылы тәмамдаған.
Кәсіпкердің айтуынша, өткен аптада ауыл мектебінің жаңа корпусы ашылған. Мектеп кеңейгеннен кейін мұғалімдер саны да көбеймек. Сондықтан сатып алынған үй ұстаздарға баспана ретінде қажет болады.
Үй отбасымызға қызмет етті, енді мектепке, ауылға және балаларымызға білім беретін ұстаздарға қызмет етсін, – деп жазды ол.
Ұлына да балалық шағы өткен үйді көрсетті
Бірнеше күн бұрын кәсіпкер өзі өскен үйге ұлын ертіп барған. Екеуі бөлмелерді аралап шыққан.
Рақымбаевтың айтуынша, ұлы үйді көріп, кезінде осындай шағын үйге сонша адамның қалай сыйғанына таңғалған.
Кәсіпкер үшін бұл үй жай ғана баспана емес, балалық шағының естеліктерін сақтап қалған ерекше орын. Оның айтуынша, ол үйді бала кезінен «шулы, жылы әрі адамға толы» күйінде есте сақтаған.
Үйдің мінезі жақсы. Мен оны бала кезімнен осындай – шулы, жылы, адамға толы күйінде білемін. Алдағы ондаған жылда да осындай болып қалса екен деп қатты қалаймын», – деді ол.
Құлынжон туралы
Құлынжон – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл. Бұрын елді мекен Казнаковка деп аталған. Айдын Рақымбаев осы ауылда дүниеге келіп, балалық шағын өткізген және жергілікті мектепті 1989 жылы бітірген.
2009 жылғы халық санағы бойынша, сол кезде Құлынжон ауылында 823 адам тұрған. Оның 401-і ер адам, 422-сі әйел болған.
Forbes дерегіне сәйкес, Айдын Рақымбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде тоғызыншы орында. Оның байлығы 1,1 миллиард долларға бағаланған.
Кәсіпкердің балалық шағы өткен үй енді жаңа тарихын бастамақ. Бір кездері оның ата-анасы мен бауырларына пана болған қара шаңырақ енді ауыл мектебінде еңбек ететін ұстаздарға баспана болмақ.
Қара шаңырағымыз отбасымызға қызмет етті, енді ұстаздарға, мектепке, ауылға пайдасы тисін. Қайырлы болсын! – деп жазды Айдын Рақымбаев.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды