30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматы облысында субсидия алу кезінде деректерді бұрмалау фактілерін анықтау барысында «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Садырбаевтың аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, ол Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрған.
Негізгі мақсат - ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жем-шөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылған. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер берілген. Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған, - делінген мәліметте.
А.Садырбаев ұсталды. Ал оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды