30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің бәссаудаға қойылған Астанадағы заулім сарайы тағы сатылмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 наурыз күні сағат 10:00-де жоспарланған аукционда бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болатын үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеді.
Сатып алушылардан 117,9 млн теңге көлемінде кепілдік жарна талап етілген. Алайда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін сатып алушы табылмады.
Естеріңізде болса, бұл үй 25 ақпанда да бәссаудаға қойылып, алайда сатылмаған.
Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы — Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат. Үйдің жалпы ауданы — 2877,7 шаршы метр, оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, сарайдың жалпы жер аумағы 0,9475 гектар және қосымша 0,2713 гектар жер телімімен толықтырылған.
Құжаттарға сәйкес, онда ресепшн, бассейндер, бильярд бөлмесі, бірнеше көлік тұрағы және ондаған бөлме бар.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды