23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Мәсімовтің орынбасарлары да 3 жылдан 16 жылға дейін сотталды: Ануар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға сотталды, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ал Марат Өсіпов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кәрім Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды. Д.Ерғожинге ҚР-да билікті күшпен басып алақ болды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) айып тағылды. Ал М.Осиповке билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген айып тағылды (ҚК 362-бабының 3-бөлігі).
Сот мәліметінше, Мәсімов пен оның көмекшілерінің ісі бойынша мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллардан астам қаражат қайтарылған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік