Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Маусым айының алғашқы демалысында Алматы облысының аспаны ерекше көрініске бөленді. Іле Алатауының бөктерінде өткен Qazaqstan International Balloon Festival халықаралық фестиваліне Қазақстан, Германия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстаннан келген 29 әуе шары қатысты. Ұйымдастырушылар мәліметінше, фестивальге 30 мыңнан астам адам жиналған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әуе шарлары фестивалі – әлемнің көптеген елінде ұйымдастырылатын туристік әрі мәдени іс-шара. Мұндай фестивальдерде ондаған, кейде жүздеген аэростат бір мезетте көкке көтеріліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлайды. Әлемдегі ең танымал фестивальдердің қатарында Түркиядағы Каппадокия мен АҚШ-тағы Альбукерке фестивалі бар.
Соңғы жылдары Қазақстан да осы бағыттағы халықаралық іс-шараларды өткізетін елдердің қатарына қосылып келеді.
Неліктен Алматы облысы таңдалды?
Мамандардың айтуынша, әуе шарлары үшін табиғи жағдайдың маңызы зор. Іле Алатауының қарлы шыңдары, жасыл жайлаулары мен ашық аспаны фестивальге ерекше сән берді. Қонақтардың көбі бұл көріністі әлемге әйгілі Каппадокиядағы фестивальдермен салыстырған.
Қазақстанның Әуе шарлары спорты федерациясының вице-президенті Рахим Қазыбаевтың пікірінше, еліміздің табиғи мүмкіндіктері әуе шарлары туризмін дамытуға толық жеткілікті.
Қазақстанның Еуразиядағы әуе шарлары туризмінің ірі орталықтарының біріне айналуға толық мүмкіндігі бар. Еліміздің барлық өңірінде ұшу командалары жұмыс істейді. Ал табиғи жағдайымыз бен пилоттарымыздың кәсіби шеберлігі халықаралық деңгейдегі ең жоғары талаптарға сай іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Рахим Қазыбаев.
Ұшу бағыты көбіне желдің қозғалысына тәуелді
Көпшілік үшін әуе шарының көкке қалай көтерілетіні қызық болуы мүмкін. Аэростаттың ішіндегі ауа арнайы қыздырғыштар арқылы жылытылады. Жылы ауа суық ауаға қарағанда жеңіл болғандықтан, шар жоғары көтеріледі. Ал ұшқыш ауа температурасын реттеу арқылы әуе шарының биіктігін басқарады.
Заманауи әуе шарлары бірнеше жүз метрден бірнеше шақырымға дейін көтеріле алады. Ұшу бағыты көбіне желдің қозғалысына тәуелді болады.
Фестиваль тек ұшумен шектелмеді
Qazaqstan International Balloon Festival тек авиациялық шоу емес, үлкен отбасылық мерекеге айналды. Қонақтар гастрономиялық аймақтарды аралап, алып батпырауықтарды тамашалады, түрлі шеберлік сабақтарына қатысты.
Балаларға арналған батуттар, ойын алаңдары мен анимациялық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балалар мен қайырымдылық ұйымдарының тәрбиеленушілері де фестивальдің құрметті қонақтары болды.
Кешкі уақытта шара аумағы ашық аспан астындағы концерт алаңына айналып, танымал өнерпаздар өнер көрсетті.
Қазақстанның жаңа туристік бренді
Соңғы жылдары әлемдік туризмде адамдар жай ғана көрікті жерлерді емес, ерекше әсер сыйлайтын оқиғаларды іздей бастады. Осы тұрғыдан алғанда, әуе шарлары фестивалі Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыратын маңызды жобалардың бірі саналады.
Фестиваль барысында түсірілген фотосуреттер мен бейнематериалдар Германия, Канада және Ресейдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралында жарияланып, Қазақстанның табиғи сұлулығын халықаралық аудиторияға танытты.
Егер бұған дейін Қазақстан шексіз даласымен, биік тауларымен және табиғи ландшафттарымен ерекшеленсе, енді бұл қатарға Алматы аспанында қалықтаған түрлі-түсті әуе шарлары да қосылып отыр. Мұндай жобалар болашақта елімізді Еуразиядағы әуе шарлары туризмінің маңызды орталықтарының біріне айналдыруы мүмкін.
Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін