2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының «SocioExpert Club» алаңында «Жаңа саяси мәдениет және креативті индустрия» тақырыбы аясында «Капитан Qazaqstan» комиксінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде әлем жұртшылығының алдында тұрған маңызды мәселенің бірі – кез келген шешімді дұрыс қабылдау, ойлану, оны жаңаша форматта ұсына білу. Өз басым, комиксқа қарағанда манганы көп оқимын. Мәселен, «Наруто», «Атака титанов» сынды мангалар – осы салада сілкініс жасаған жобалар. «Нарутоның» пайда болуы Жапонияда жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларын айтарлықтай азайтты, – деді партия Хатшысы Дәулет Кәрібек
Өз кезегінде, Сенат депутаты Геннадий Шиповских креативті индустрияны дамытудың мәні мен маңызын атап өтіп, комикстердің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесіне тоқталды.
Бүгін біз отандық креативті индустрияның дамуына қатысты тарихи сәтке куә болып отырмыз. Осы мәселені Парламент Мәжілісі қабырғасында да көтерген едім. Аталған саланы әлі де өрге сүйреу қажет. Себебі, әрбір комикстің тәрбиелік мәні, жас ұрпаққа берер өзіндік пайдасы бар, – деді халық қалаулысы.
Ал «Kitap.kz» жобасының авторы, медиасарапшы Мақпал Жұмабайдың айтуынша, ел жастарының шығармашылық, зияткерлік әлеуеті өте жоғары.
Комикс – қоғамдық мәдениетті қалыптастырады. Өкінішке қарай, отандық комикстер өте аз. Саусақпен санарлық. «Капитан Qazaqstan»-ды елімізде жарыққа шыққан саяси тақырыптағы тұңғыш комикс деуге толық негіз бар», – деді М.Жұмабай
Бүгін тұсауы кесіліп отырған комикстің нобайын оқушы кезімде жасай бастадым. «Marvel»-дің, «DC»-дің киносын, мультфильмдерін көріп өстім. Заманауи Қазақстанның қаһарманы, саясаткері қандай болуы керек деп көп ойландым. Оның жемісі – осы «Капитан Qazaqstan». Ол отбасылық құндылықтарға басымдық беріп, отансүйгіштікті, әділеттілікті ту етеді, – деді Ерлан Ахмеди
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова