Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек76-шы Канн фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фестивалдің жоғарғы марапатын француздық режиссер Жюстин Трие «Траектория падения» (2023) фильмі жеңіп алды.
Фильмде өз күйеуін өлтірді деп күдік келтірілген жазушы туралы айтылады. Басты рөлді неміс актрисасы Сандра Хюлер сомдады.
44 жастағы Ж. Трие «бұл жүлдені өз киносын түсіре алмай жүрген барлық жас әріптестеріне арнап», оған 15 жыл уақыты кеткенін айтқан.
Кинофестивальдің Гран-приі – Канн марапатының екінші дәрежелі сыйлығы британдық режиссер Джонатан Глейзерге берілді. Ол награданы «Зона интереса» (2023) фильмі үшін алды.
«Үздік сценарист» марапатына жапондық драматург Юдзи Сакамато ие болды. Ол жапондық режиссер Хирокадзу Корээданың «Чудовище» (2023) фильмін түсіруге еңбектенді.
Қазылар алқасының сыйлығын финдік режиссер Аки Каурисмякидің «Мертвые листья» (2023) картинасы алды.
Француздық режиссер Чан Ань Хунгке «Страсть Додена Буффана» (2023) фильмі үшін «Үздік қойылым» сыйлығы берілді.
Үздік актер ретінде биыл түрік актрисасы Мерве Диздар мен жапондық актер Кодзи Якусё танылды.
Биыл Канн сыйлығы үшін 21 кинолента таласқа түсті. Қазылар алқасына швед режиссері Рубен Эстлунд төрағалық етті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?