29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЛос-Анджелесте Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес баспасөз конференциясы барысында көз арбасты, деп хабарлайды El.kz.
Мексикалық боксшы Головкинмен арадағы жекпе-жек өзінің жеке әрі дара ісі екенін айтты.
– Оның мансабының күл-талқанын шығарамын. Оған кәміл сенімдімін. Менің ойымша, оны нокаутпен жеңемін, – деді Сауль "Канело" Альварес.
Геннадий Головкин Канелоның мәлімдемесіне жауап бере отырып, оның жеке басында шаруасы жоқ екенін, тек рингке бокстасу үшін шығатынын айтты.
– Білесіздер бе, оның спортта қол жеткізген жетістіктері туралы көп айтуға болады. Ол көрсететін бокс құрметке лайық. Қазір болып жатқан эмоцияларды түк түсініп тұрғаным жоқ. Бізде керемет екі жекпе-жек болды, құшақтасып, қол алысып кеткенбіз, – Геннадий Головкин.
GGG мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Жекпе-жек Канело әлемнің абсолютті чемпионы болып табылатын екінші орта салмақтағы лимитте өтеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек