2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайҚР Орталық сайлау комиссиясында Президенттікке кандидаттардың сайлау алды үгіт жүргізу жұмыстары жөнінде семинар өтті, деп хабарлайды El.kz.
Семинарда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина президенттікке кандидаттардың өкілдеріне қаржылық шығындары мен үгіт насихат талаптарын атап өтті.
«Кандидаттар сайлау алды үгіт жүргізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай талаптар болады:
Кандидаттар үгітін телеарнада, радиода хабарлары арқылы және мерзімді баспасөз басылымдарында екі мақаланы жариялау үшін 9 012 600 көлемінде қаражат төленуі тиіс.
Сайлаушылар үшін арнайы іс- шаралар өткізу мен үгіт материалдарын тарату үшін 800 мың теңге көлемінде қаражат белгіленеді.
Кандидаттарды тасымалдау шығындары 500 мың теңге көлеміндегі қаражат белгіленді. Бұл қаулы ОСК интернет-ресурсында жарияланған»,- деді Сабила Мұстафина.
Еске сала кетейік, 21 қазан күні сағат 18:00-ден бастап президенттікке кандидаттардың сайлау алды үгіт жұмыстары басталған болатын.
Президенттікке кандидаттар сайлау қорларынан 6 баған бойынша төлем төлеуі тиіс.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат