28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада "Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" атынан Қарақат Әбден дауыс берді, деп хабарлайды El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Кандидат таңғы сағат 8.30-да дауыс беру үшін қаланың сол жағалауында орналасқан N135 сайлау учаскесіне ат басын бұрды. Сайлауға дауыс беруге кандидат ата-анасымен келген.
Өздеріңіз білесіздер, мен алғаш сайлау науқанын ата-анамның батасымен бастаған едім. Сондықтан бүгін үйдің үлкендерін сайлауға дауыс беруге ертіп келдім. Бүгін жалпы барлық халық өз отбасыларымен бірге еліміздің болашағына дауыс береді. Елдің бірлігі үшін! Қазақстанымыз гүлдене берсін! Жарқын болашаққа жол салайық! - деп ағынан жарылды Қарақат Әбден.
Қырықтан астам қаланы аралаған кандидаттың айтуынша, халық бұл сайлауда ерекше белсенді.
Бүгін көңіл күйім керемет! Халық өте белсенді. Бәрі елдің болашағына дауыс береді деп ойлаймын. Биылғы сайлаудың ерекшелігі - екі әйел президенттікке үміткер болды. Алдағы жеті жылда демократиялық серпілістерге қол жеткіземіз деген сенімім мол, - деді кандидат.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?